ЕЛ ЕРТЕҢІ – АДАЛ ҰРПАҚ

«Адал ұрпақ» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев және ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері №39, №17 және №20 жалпы орта білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесуде адал, әділ қоғам қалыптастырудағы жастардың рөлі талқыланып, парасаттылық құндылықтары жайында түсінік берілді.
Шара барысында «Адал ұрпақ» жобасының мәні түсіндіріліп, спикерлер оқушыларды адал білім алуға, тек өз білімдеріне сенуге шақырып, білімі жоғары, берік өмірлік ұстанымға ие жастар ғана елімізді дамытып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетте тұрақтылық таныта алатындығын жеткізді.
Сонымен қатар, «Адал ұрпақ» клубының белсенділері адалдық, әділдік жайында өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауаптар алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444