ШЫМКЕНТ: УНИВЕРСИТЕТТІҢ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева және республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі С.Түгел М.Әуезов атындағы ОҚУ қызметімен танысты.

Университет жұмысымен таныстырған бірінші проректор Қ.Нұрманбетов бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындауды мақсат тұтқан оқу орны студенттерге біліммен қоса тәрбие беруді де көздейтіндігін жеткізді.  Сондықтан да, таныстыруды Агенттіктің бастамасымен қолға алынған адалдық, парасаттылық сияқты қасиеттерді дамытуды, құқықтық сауаттылықты арттыруды көздейтін «Парасат» басқармасының қызметінен бастады.

Одан әрі, жақында ғана Университет кітапханасынан ашылған «Парасат жолы» орталығының жұмысымен таныстырды. Аталған орталықта «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі мен ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері бірлесе қолға алған телевизиялық жоба мен жақында ғана Штаб мүшелері Абайдың ұлы Тұрағыл Ибраһимұлына қатысты жасаған жаңалықтары таныстырылды.

Орталық жұмысымен танысқан жазушы, журналист С.Түгел адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі парасаттылықты қалыптастырудағы көркем әдебиеттің берері мол екендігін айтып, осындай Орталықтың университет қабырғасынан ашылғандығына ризашылығын білдірді. 

            Сондай-ақ, Агенттік өкілдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының және «Smart Square» студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен де танысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444