ӘЗІМХАН ИСАБЕК: «БҰЛ САЙЛАУ ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУЫНА ТЫҢ СЕРПІЛІС БЕРЕДІ»
Шымкент қаласы әкімінің «Үздік жастар – 2020» премиясы «Үздік жас ғалым» номинациясының иегері Әзімхан Исабек №101 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып, өз таңдауын жасады. Нәтижесінде, жас ғалымға хакімнің қара сөздері кітабы бұйырды.
Осы ретте жас абайтанушы бұл сыйлыққа өз ризашылығын білдіріп, пікірімен бөлісті.
– Бұл сайлаудың негізгі басым бағыты еліміздің өсіп-өркендеуіне, дамуына тың серпіліс беретініне күмәнім жоқ. Бүгін осы елдің азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Абай атамыздың: «Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, харекет қыл, пайдасы көпке тисін. Көптің қамын әуелде Тәңір ойлап, мен сүйгенді сүйсең, иең сүйсін» деген сөзіне сүйене отырып, мұның барлығы да, әрине, халықтың игілігі үшін, – деп сөзін түйіндеді Әзімхан Үсенұлы.
Айта кетейік, қаладағы сайлау учаскілерінде барлық санитарлық талап сақталуда.