Ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи, Түркияның Алматы қаласындағы бас консулы Али Рыза Акынджы және қала әкімі Мұрат Әйтенов құрметті консулдықтың ғимаратын аралап, алдағы жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, бұл шараға «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, құрметті консул Латипша Асанов, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шымкент филиалының өкілдері мен түркиялық бизнесмендер де қатысты. Кездесуде тараптар екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов ұлтаралық татулық пен бірлікті ту еткен қазақстандықтардың өзге ұлт өкілдеріне достық пейілдерінің кең екендігін сөз етті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында этно-мәдени орталықтардың өкілдері көптеген онлайн іс-шаралар ұйымдастырғанын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444