Азиз Иристаев: «Алар асуларым мен жетістіктерім алда»

Шымкент қаласындағы өзбек этносының спорттық гимнастика шебері Иристаев Азиз Ганиевичпен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында әңгімелесіп, спорт пен өнерді ұштастыра білген оның өмір жолындағы қызықты сәттерінен сыр бөлістік. Қазіргі кезеңдегі гимнастикалық державаға айналған мемлекет қатарына Қытай, Жапония, Румыния жөне Ресейді жатқызуға болады.

Гимнастика — тек қана спортшылар үлесі емес, ол адам өмірінің жалғасы бола да білген жаттығу түрі. «Гимнастика менің өмірімді сақтады» деген кітабында Шлиссельбург қорғанының тұтқыны Н.А.Морозов «Мен өз өмірімде гимнастикаға борыштармын, себебі, ол маған қимыл-қозғалысты сыйлады, жаттығуы арқылы өмірді сүюді үйретті» — дейді. Гимнастика өнері республикамызда да көркейіп келеді.

Азиз 2000 жылы Шымкент қаласында туылып, бала кезінен спорт мектебінде гимнастикаға қатысып, шеберлігін шыңдай түседі. Мектеп атынан бірнеше жарыстарға қатысып, жүлдеді оралып, абырой биігінен көрінген сәттері көп. Алайда, Азиз арада жылдар салып цирк сахнасынан көрінемін деп ойламапты.

  • 2015 жылы он бес жасымда менің жаттықтырушым циркке баруыма кеңес берді. Міне, қазіргі жаттықтырушым әрі ұстазым Олег Касаткинмен таныстығым осылай басталды. Тренеріме алғысымды білдіремін, ол маған ұстаздық етіп, шәкірт ретінде тәрбиелеп шығарды. Қиын, әрі қауіпті трюктерді үйрендім. Бүгінде әуе белдіктерімен жұмыс істейміз. Әрине, барынша сақтық шараларын қолданамыз.

Цирк ұжымының өзі әр ұлтан құралған. Гастроьдік сапарға шығып тұрамыз. Сапар барысында көршілес мемлекеттерге шығып, ондағы цирк өнері қалай дамып келе жатқанына көз жеткіздік. Өзге елдермен салыстыратын болсақ, біздің де әлі талай ізденуімізге, өсуімізге тура келеді. Дегенмен, бұған бізде мүмкіндіктер көп. Бала кезімде спорт мектебіне барып жүргенімде цирктің не екенін білмеппін. Маған дейін спорт мектебінде жүріп, циркке кеткен адамдар көп.. Солардың бірі болып, мен де цирк сахнасының шымылдығын ащтым. Алғаш мұнда келгенімде маған әріптестерім: «Енді кете алмайсың, цирк керек адамдарын жібермей, өзіне қарай саз балшық секілді тартып әкетеді»деген болатын. Расында қазір солай циркте беріле жұмыс істеймін, расында цирк мені өзіне тартып әкетті. Қазір өзімнен кейін келген әріптестеріме де осылай деп айтып отырамын. Циркке бір келген аадам одан шыға алмай қалады. Бүгінде жасым жиырмада. Алар асуларым мен жетістіктерім алда. Бастысы, көп ұлтты еліміз ауызбіршілік пен татулықта болып, көркейіп дами берсін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444