Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Қоғамда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақша сөйлесу мәдениетін арттыру, мемлекеттік тілді үйренуге қызықтыру әрі тілді меңгерген адамдарды қолдау мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акциясы өтті. Осы орайда Шымкент қаласы №15 Д. Менделеев атындағы мектеп-лицейінің екінші сынып оқушысы, орыс ұлтының өкілі  Иван Устименко қатысып, қазақ тілінде «Ана тілім ардағым» атты тақпақ айтып, көпшілік арасында ықыласқа бөленді.

Қазіргі таңда жүзден астам ұлт бір шаңырақ астында бақытты, бейбіт ғұмыр кешіп келеді. Қазақтың дархан даласын мекендеген кез келген ұлт өкілі өз ана тілімен қатар, туған елінің мемлекеттік тілін қадірлеп, құрметтеуі тиіс.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444