Тәтті нарығындағы тәтті бренд

Бүгінде елімізде экономиканы, өндірісті дамыту мақсатында түрлі бағдарламалар қолға алынуда. Түркістан облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама шеңберінде құны 9,4 миллиард теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылды. Солардың бірі де бірегейі  «Рахат Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестіні вафельді түтікшелер өндірісі жобасын іске қосқан болатын. Тәтті нарығында ойып тұрып орын алатын кәсіпорынның бүгінде тасы өрге домалап тұр.  Тәтті өнімге сұраныс та жоғары. Жобаның жалпы құны 850 миллион теңге. Іргелі кәсіпорын жылына 1700 тонна өнім өндіреді. Заманауи оңтүстіккореялық технологиялар қолданылатын зауытта 28 жаңа жұмыс орны құрылды. «Рахат» брендіне сұраныс түсірушілер қашанда толастамаған.  Бүгінгі күні де әлемнің әр түкпірінен сұрау салғандардың қатары артып отыр. Аталмыш өндіріс орнында вафельді түтікшелерден бөлек дәмі бал татитын кәмпиттің неше атасы, вафли, шокаладты печеньелердің сан алуан түрлерін нарыққа шығаруда. Ішкі нарықты толық қамтып қана қоймай бүгінде алыс та жақын шетелдерге де экспортталуда. Алдағы уақытта өнім түрлерін түрлендіру де жоспарларында бар. Ол үшін шетелде білімін жетілдірген технологтар тер төгуде. Алдағы уақытта жұмыс орнын да, өнім көлемін де арттыруды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444