Қазақстан мен Өзбекстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктері басшыларының онлайн-кездесуі өтті
Кездесу барысында Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы тиімді саясатты жүргізу тәсілдерімен бөлісіп, мемлекеттік басқарудың түрлі салалары бойынша кешенді және жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
«Қазіргі таңдағы Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясатының басымдықтары – мемлекеттік аппаратты ашықтық пен айқындық қағидаттарына, тұтынушыға бағдарланған қызметке толыққанды көшіру арқылы трансформациялау, парасаттылық идеологиясы тұрғысынан ауқымды ағарту, тиімді алдын алу және пәрменді қылмыстық-құқықтық құралдар. Осының барлығын біз күнделікті іске асырудамыз», — деп атап өтті А. Шпекбаев.
Өз кезегінде, өзбек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының директоры Акмаль Бурханов елдің негізгі халықаралық рейтингтердегі дәйекті өсуімен объективті түрде расталған Қазақстанның жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ілгерілеуін атап өтті. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық құқықтық негіздерін қалыптастыру кезінде Қазақстан тарапынан консультациялық және практикалық қолдауға мүдделілігін білдірді.
Сонымен қатар, шетелдік спикер екі елдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тұжырымдамалық тәсілдерінің ұқсастығын атап өтті. Таяуда құрылғанына қарамастан, өзбек ведомствосы тиісті заңнамалық қорды қалыптастыру, елдің әрбір мемлекеттік органында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді және шенеуніктердің кірістерін декларациялау жүйесін енгізу бойынша үдемелі жұмыс жүргізуде.
Кездесу достық жылы шырайда өтті. Тараптар ниет хаттамасымен және алдағы екі жақты сапарлармен бекітілген ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік туралы келісті.