«Қазақстан: бірлік және келісім мекені» атты үш тілде фотокітабы ұсынылды
Шымкент қалалық Отырар ғылыми әмбебап кітапханасы көпшіліктің назарына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаевтың құрастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Қазақстан: бірлік және келісім мекені» атты үш тілде фотокітабын ұсынды.
Бұл жинақта халықтың көпэтносты құрамының қалыптасу тарихы мен қазіргі жай-күйі, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің құқықтық, институционалдық негіздері ашып көрсетілген. Қазақстан этносаралық өзара әрекеттестіктің бірегей институты болып табылатын ҚХА –ның қызметі егжей-тегжейлі баяндалады.