Шымкент: Қазақстан чемпионатында «Стандарт» футбол командасы жеңіске жетті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әуесқойлар арасында шағын футболдан өткен Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен «Стандарт» футбол командасының мүшелерін қабылдады деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Шаһар басшысы футболшыларды ел чемпионы атануымен құттықтап, оларға бұқаралық спортты дамытуға үлес қосқаны үшін алғыс айтты.

—Әуесқойлар арасындағы футбол — бұқаралық спорттың мейлінше кең таралған, танымал түрі. Сондықтан Сіздердің жеңістеріңіз барша шымкенттіктер үшін елеулі оқиға деп білемін. Спорт – денсаулық кепілі. Жас ұрпақтың дені сау болса, ұлтымыз әрқашан бәсекеге қабілетті болмақ. Сол себепті бүгінде мемлекет бұқаралық спорттың дамуына, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына барынша жағдай жасап отыр, — деген Мұрат Дүйсенбекұлы биыл Шымкентте 27 Street-workout алаңы салынғанын атап өтті.

Мұрат Әйтенов қазір қала тұрғындарының 28 проценті спорт және дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысатынын, осы көрсеткішті Президент тапсырмасында айтылғандай, 30 процентке жеткізу мақсатында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанына тоқталды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444