ТҮРКІСТАН: ЖОЛДЫҢ ТЕГІСТІГІ — БАСТЫ БАҚЫЛАУДА

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен
«Сапалы жол» жобасы аясында Сарыағаш ауданындағы бюждет қаржысы есебінен салынған жолдардың сапасына кешенді мониторингтік жұмыстар жүргізілді.

Жол төселімін бақылаудың негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау мен жаңа төселген жолдар сапасына қоғамдық бақылауды күшейту.

Мониторинг жұмыстарына Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғ.Жүндібаев, «Түркістан -адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Тұңғышбаев, аудан әкімінің орынбасары М.Сейтметов, аудандық «Nur Otan» партиясы филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, Сарыағаш аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Алыбаев және Департаменттің АМТ мүшесі Б.Айдағараев, Қ.Иматов «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» зертхана меңгерушісі Д.Кешубаев, мердігер компания және техникалық қадағалаушы мекеме өкілдері, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары барысында Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар, Қапланбек, Құркелес пен аудан орталығында салынған көшелерден жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы жаңадан төселген асфальт бетон жамылғысынан сынама алынды.

Зерделеудің нәтижесінде төселген жолдардың сметалық құжатқа сай келетіні, алайда асфальт бетон жамылғысында тегіссіздіктер және отырулар бойынша бірқатар кемшіліктео анықталды.

Жол төселіміндегі ақауларды байқаған сала мамандары тарапынан анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге акт түзіліп, компания басшыларына қалпына келтіру бойынша ұсыныстар берілді.

Айта кетсек, алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалалардың жолдары тұрақты бақылауға алынып, мониторингтік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444