Этнос жастары қазақ тілін жетік меңгерген
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қалалық филиалы жыл сайын түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеру мақсатында байқаулар өткізіп келеді. Байқау барысында этнос жастары қазақ тілінде мақал-мәтел айтудан жарысып, қазақ ақындарының шығармашылығынан үзінді өлеңдер оқиды. Үздік шыққан жастардың қатарынан түрік ұлтының өкілі Сайфиддин Османовты айтуға болады. Сайфуддин бала кезінен қазақ тілін жақсы меңгергенін, алайда орфографиялық ережелерге сай қатесіз жазуды қазақ тілін оқыту курстарына барып, меңгергенін айтады. С.Османов мұндай курстар жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын оятатынын айтады.