Корей этномәдени бірлестігінің жас еріктілер тобы карантин кезінде мұқтаж жандарға көмек қолын созды
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Қоғамдық келісім КММ-інің қолдауымен этнос өкілдерінің тілі, мәдениеті және салт-дәстүрлері күні өтіп, оған Шымкент қаласындағы Корей этномәдени бірлестігі қатысты. Бірлестік жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Юрий Ким Сергеевич барша шымкенттіктерді айтулы мерекемен құттықтап, биылғы жылы бірлестік жанындағы еріктілер тобының белсенді жұмыстарын атап өтті. Юрий Кимнің айтуынша, жастар кешегі Мақтаарал су тасқыны кезінде, сондай-ақ карантин уақытында қиын-қыстауда қалған отбасыларға жанашырлық танытып, көмек қолын созудан аянған жоқ.