Шымкент қаласында 200 мыңға жуық өзбек тұрады

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында түрлі этностардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті күніне орай Шымкент қалалық Қоғамдық келісім КММ-сі ғимаратының залында Өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен онлайн көрме өткізілді. Көрмеде өзбек халқының бай қолөнері, көркем әдебиеті ұсынылды. Шымкент қалалық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тахиржан Хакимбеков сөз алып, ақжарма құттықтау тілектерін білдірді.

Өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тахиржан Туйчиевич Хакимбеков:

  • Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлттың көптігі – біздің байлығымыз» деген. Бүгінде түрлі ұлттар мен этностар тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан бірлік пен берекеге толы байлықты сақтап, қадіріне жетуіміз керек. Әрбір халық бір-бірімен ынтымақтастықта болуы қажет. Осындай бейбіт күндердің арқасында Қазақстандағы әрбір ұлыс өзінің салт-дәстүрін сақтап келеді. Шымкент қаласында 200 мыңға жуық өзбек тұрады. Мысалы, жыл сайын өзбек этномәдени орталығы өзбек әдебиеті мен мәдениетіне қатысты байқау өткізеді. Сонымен қатар, өзбек халқының ұлттық тағамы – палауды бүкіл әлем біледі. Осы «Палау байқауын» да Шымкент қаласында 2013 жылдардан бері өткізіп келеміз. Кейінгі жылдары байқаудың танымалдығы артқандығы сондай көрші Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан республикаларынан, тіпті Ресейден келіп қатысушы конкурстанттар табылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444