ШЫМКЕНТ: ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «АDALDYQ ALANY» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және мемлекеттік басқару институтына ел сенімін арттыру мақсатында қолға алынған бастама жан-жақты қолдау тауып, кезекті «Аdaldyq alany» жобалық кеңсесі қалалық Әділет департаменті жанынан ашылды.
Аталған іс-шараға республикалық «Аdaldyq alany» жобалық кеңсесінің басшысы Т.Байгулов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Әділет департаменті басшысы О.Тастанов, «Shymkent- Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар қатысты.
Аталмыш жоба аясында мемлекеттік мекеме қызметкерлері азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бағыттары бойынша қабылдау жүргізе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттырумен қатар ашықтықты көрсетеді.
Шара барысында Әділет департаменті басшысы О.Тастанов Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, аталған Жобалық кеңсе аясында жұмыстарды күшейту жоспарланғандығын жеткізді.
Шымкент қаласының Әділет департаментінің азаматтарға арналған байланыс телефоны: 8/7252/35-43-76, cенім телефоны: 8/7252/35-44-86