Өнім сапасы сертификатқа сәйкес
Түркістан облысында керамограниттің өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорны бар. Мекемеде 140 қызметкер автоматтандырылған италияндық қондырғылармен жұмыс істейді. Ондағы шикізаттың 60 пайызы отандық өнім. Бүгінде елімізде баламасы жоқ зауыт өніміне сұраныс жыл сайын артып келеді. Жыл соңына дейін кәсіпорынның екінші желісін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4,5 млн шаршы метрге арттырмақ. Айта кетейік, кәсіпорын өнімі СТ-KZ сертификатына сәйкес, барлық еуропалық талаптарға сай. Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының шарапатын көрген кәсіпорындардың бірі. Сапасы жоғары, сұраныс та мол. Бұрын шетелден тасымалданатын керамогранит өнімдерінің орнын бүгінде отандық өнім басып отыр. Әрі импорт тауардан ешқандай да кемдігі жоқ. Артықшылығы көп болмаса. Елімізде, облыс орталығында өтіп жатқан түрлі көрмелерде аталмыш өндіріс орыны үнемі қатысады. Соның арқасында әр тараптан келгендер сұраныс қатарын арттырып отыр. Одан бөлек кәсіпорынның өнімінің сату көлемін арттыру үшін дилерлер де өкірте үлес қосуда. Алдағы уақытта кәсіпорын өнім түрлерін көбейтуді көздеп отыр. Соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылмақ.