Бағалай білгенге бірлік – баға жетпес қазына

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл!

Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуде. Сондай-ақ біз 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін де 25-ші рет атап өтеміз. Бұл маңызды екі оқиғаның қатар келуі жай ғана сәйкестік емес, заңдылық. Оның себебі мынада: Мерекенің мәні мен мағынасы Қазақстан халқы Ассамблеясы қыз­метінің мәні мен мағы­насына толық сәйкес келе­ді, бұл – жалпыұлттық бір­­лікті нығайту, этнос­ара­лық қаты­настар­дың тұрақ­тылығы мен үйлесімі, Қазақстан халқының мәде­ниет­аралық үнқатысу мен қоғам­дық келісім негізінде бірігуі.

Тәуелсіздік жылнамасын парақтап, өткен күндерімізді ой елегінен өткізсек, осы кезең ішінде Қазақстан толағай табыстарға кенелгендігін аңғарамыз.
Байтағымыз бағындырған белестер бүгінде қазақстандық өркендеу жолы айдарымен кеңінен танымал. Халық, Тәуелсіздік, Елбасы ұғымдарын ұштастырған бұл жол– жалпыұлттық бірлікпен қоғамдық келісімнің мызғымас тұғыры болып қаланды.
Бүгінгі Қазақ мемлекеттілігінің жаңғыруы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екені баршаға аян.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары көптеген ғалымдармен саясаткерлер Қазақстан келешекте этностық және конфессияаралық қақтығыстар алаңына айналады деп болжамдады. Американдық саясаттанушы Збигнев Бжезинский елімізді тіпті «Еуразиядағы Балқан» аралдарына теңеді.
Осы жағдайға қарамастан Елбасы жаңа мемлекеттің іргесін қалады. Алғашқы қадам ретінде Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды, соңынан «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Заң жарияланды.
Тұңғыш Президент Қазақстанның мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Гимнін бекітті, ұлттық валюта – теңгені айналымға енгізуге тікелей қатысты.
Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет заң жүзінде ресімделген және халықаралық деңгей де танылған мемлекеттік шекараға ие болды. Еліміздің құрлықтағы мемлекеттік шекарасының ұзындығы 13400 шақырымды құрады.
Мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту және елдің аумақтық тұтастығын сақтау үшін Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды.
Республикалық референдумда Конституция қабылданды. Бұл Қазақстанда үйлесімді жалпыұлттық келісіммен бірліктің пәрменді моделін құрудың негізі болды.
Кемеңгер саясаткердің тікелей ұйытқы болуымен бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды, ол елімізде тұратын 130-ға жуық этностарды біріктіреді.
Тәуелсіздік дәуірінің ерекше жобасы ретінде жаңа Елордамыз танылды. Қысқа мерзім ішінде бас қаламыз еліміздің ғана емес, бүкіл өңірдің нақты саяси, экономикалық және мәдени орталығына айналды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстанда кәсіпкерлікпен бизнестің еркін дамуының негізі қаланды. Нәтижесінде Қазақстан ТМД-дағы тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы орынға шықты, оның көлемі 320 млрд. доллардан асты.
Қазақстанда заманауи индустриялық саясаттың тетіктері әзірленді. Соңғы жылдардың өзінде 1250 жаңа өндіріс іске қосылып, 500 жаңа өнім түрлерін шығару игерілді.
Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 1991 жылғы 6 млн.теңгеден 1,2 трлн. теңгеге дейін ұлғайды. Тәуелсіздік жылдарында елімізде 219 жаңа аурухана, 1200-ге жуық емхана, амбулаториялармен медициналық орталықтар салынды.
Білім беру саласында 2837 білім беру нысандары, оның ішінде 888 балабақшамен 1949 мектеп салынды.
Қазақстанның халықаралық деңгейдегі бейбітшілік бастамаларының бірі бұл – Семей ядролық полигонының жабылуы болды. Бұл қадам Қазақстан Республикасының жаһандық ядролық қаруға қарсы белсенді қызметінің бастамасы деп танылды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті азиялық қауіпсіздік жүйесін құру жөнінде бастама көтеріп, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылуына ұйытқы болды.
Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі басты халықаралық табыстардың бірі болды. Қазақстан алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.
Қазақстан Сирия дағдарысын және жаһандық деңгейдегі басқада даулы жағдайларды реттеу бойынша күш-жігерін көрсетті.
Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларында қамтылған идеялар халқымыздың жасампаз мәдени-рухани әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұл жетістіктердің барлығына біз Елбасы жетекшілігімен қолжеткіздік және бұл табыстарымыз Қазақстанның болашағын жаңаша межелеуге мүмкіндік беріп отыр.
Елі қадірлеген, әлем ардақтаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бар қажыр-қайратын, парасат-пайымын мемлекетіміздің игілігіне жұмсап, уақыт көшінен алға озып, келер ұрпаққа жарқын өмірдің негізін қалап жүргенін халықаралық қырағы сарапшылармен саясаткерлер жазып, бағалап келеді.
Өркендеу – тыныштық болған жерде ғана салтанат құрады. Тұрақтылығымыз серпінді дамуымыздың алғы шарты болып келеді. Бағалай білгенге бірлік – баға жетпес қазына.
Қазақстан халқының бірлігін бекем еткен бүгінгі мерекені – Елбасы саясатының жеңісті күні деп білемін!
Елімнің амандығы үшін, бақ-берекелі ғұмырымыз үшін, бейбіт күніміз үшін Елбасыға шексіз ризашылығымды білдіре отырып, барша отандастарым атынан алғыс айтамын!

М.О.Қалмұратов
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444