Стратегиялық қадам

Бүгінде өз алдына отау тіккен Түркістан облысының алдағы уақытта қарыштап дамитынына сарапшылар сараптама жасауда деп хабарлайды 24.кz. Қазақстандық сарапшылар Түркістан облысының құрылып, Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуының әлеуметтік-экономикалық әсерін сараптауда. Азиялық зерттеулер Институтының директоры Сұлтан Әкімбековтың пікірінше, бұл шешім Орталық Азияның көрші елдерімен сауда-экономикалық байланыстарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Ал миллион тұрғыны бар Шымкент қаласының инвестицияларды тартатын аймақтық орталыққа айналуы үшін әлеуеті мол. Сұлтан Әкімбеков, Азиялық зерттеулер институтының директоры: «Бұл Қазақстанның оңтүстік Орта Азия бағытындағы қақпасы іспеттес. Сондықтан қаланың облыстың жаңа мәртебесі оның әлеуетін толық пайдалануға жол ашуы тиіс. Және де аймақтың дамуы Орта Азия өңірінің болашақта қарқынды дамуымен қатар жүруі керек. Бұл қызық әрі ойланып жасалған стратегиялық қадам». Сондай-ақ сарапшылар экономиканы өрлету үшін индустриалды инновациялық даму бағдарламасы да соны серпін береді деп санайды. Бұл өз кезегінде өңдеу өнеркәсібінің, шағын және орта бизнестің дамуына да қарышты жол ашпақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444