АӘК АЛУШЫ ОТБАСЫЛАРДАҒЫ БАЛАЛАРҒА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТ БЕРІЛЕДІ

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тамақпен және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі.
Ал, оқушы балалар үшін мектептерде тегін ыстық тамақты, күнделікті мектепке дейін және кері тегін жол жүруді, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдары мемлекет есебінен берілетін болады.

Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған белсенді жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылатын болады.

Сондай-ақ, бала күтімімен айналысатын анаға, бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндеті қойылады.

Учаскелік комиссиялар жұмысы және жауапкершілігі күшейтіледі. Заң жобасында учаскелік комиссиялар үшін атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын анықтау тәртібі бекітіледі, сонымен қатар учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша мұқтаж емес отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайтын болады.

АӘК-ке үміткер отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды жасау үшін мерзімді үш күннен жеті күнге дейін арттырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *