ШЫМКЕНТ: 2019 ЖЫЛЫ АҚЖАР, АЙКӨЛ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНЕ АУЫЗ СУ ТОЛЫҒЫМЕН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
«Аудан аумағындағы 34 елді мекеннің 76.6% ауыз сумен толық қамтылған, 23,5% құдық және тасымалды ауыз суларын пайдаланады» — деді, Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов брифинг барысында.
Ауыз су жоқ Ақжар, Айкөл елді мекендеріне «СодбиСтрой» мекемесінің көмегімен ауыз су жүйелері тартылып, 2019-2020 жылдары халыққа толық пайдалануға тапсыру жоспарлануда.