Шағын кәсіптен ірі өнеркәсіпке…
Бүгінде өңірімізле индустриалды аймақтар қатары артып келеді. Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында және шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолға алынған жобалар көздеген межені бағындырып, үмітті ақтай бастады. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі қолдаулардың арқасында шағын кәсіпкерлік нысандары ірі кәсіпорындарға айналуда. Қазіргі таңда аталған салаларға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында облыстың барлық аудандары мен қалаларында индустриалдық аймақтар құрылуда. Қазіргі таңда облыс аумағында жалпы ауданы 959 гектарды құрайтын 11 индустриалды аймақ құрылған. Қазіргі уақытта 9 индустриялды аймақтарында толықтай инфрақұрылым тартылған. Оның ішінде облыс орталығындағы «Оңтүстік» ИА және «Тассай» ИА, Түркістан қаласы, Кентау қаласы, Созақ ауданы, Шардара ауданы, Түлкібас ауданы, Қазығұрт ауданы, Мақтарал аудандарындағы индустриалды аймақтар бар. Бүгінгі күні өңіріміздегі индустриалды аймақтарында жалпы құны 166 млрд. теңгені құрайтын 170 жоба жүзеге асырылуда, онда 10 мың жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. 170 жобаның 67 жобасы іске қосылып, 4 мың жұмыс орындары ашылып, бұл жобаларға 34,8 млрд. теңге инвестиция тартылды . Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағының өзгелерге қарағанда аты озып тұр. Өйткені тоқыма өнеркәсібі жоғары деңгейде даму үстінде. «Оңтүстік» АЭА 27,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 1056 жаңа жұмыс орнының ашылуымен 10 жоба іске асырылуда.