ШЫМКЕНТ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН ӨТТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның жауапкершілігі бойынша ақпарат берілді.
Сонымен қатар, республика бойынша көліктік бақылау саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижесінде анықталған кемшіліктер, атап айтқанда жолаушылар тасымалын мәселелері жайында ақпарат берілді.
Сондай — ақ, жиынға қатысушыларға жобалық басқару бағыттарының бірі-сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сияқты жобалардан тұратын №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» (ҮББ-4) үлгілік базалық бағытының негіздері егжей-тегжейлі түсіндірілді.