ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, ақпараттық-ағартушылық штабтың өкілдері мен құрметті мемлекеттік қызметкерлерден құралған топ Абай және Әл-Фараби біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.

Басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнамаларға енгізілген соңғы жаңашылдықтар таныстырылып, жиынға қатысушылардың назарына қолданысқа енген өзгерістердің маңыздылығы түсіндірілді.

Пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатындығы айтылып, қорғаныс саласы қызметкерлерінің ел мүддесі жолында адал қызмет етудің маңыздылығы ортаға салынды.

Штаб мүшесі адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттау қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, жемқорлық деңгейін төмендету, әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында ашылған «Қарулы Күштер — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды.

Шара қорытындысымен қатысушылар жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырылып, жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444