ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕРГЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов мәлімдеді.

– Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қала аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу іс-шараларын күшейту туралы №8 Қаулысы шығарылды. Жаңа Қаулыға сәйкес ауыз ашар, еске алу, мерей той өткізуге тыйым салынса, кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілді. Ал СПА орталықтары мен моншалардың жұмысы жексенбі күні тоқтатылды. Оған қоса, балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар), көңіл көтеру мекемелері (бильярд, караоке, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары) және цирктердің жұмысына тыйым салынды, – деді Алдарқұл Райымқұлұлы.

Спикердің сөзінше, мәдениет нысандары (жеке және топтық репетицияларға 30 адамнан аспайтын қатысушылар), театрлар, концерттік залдар (сыйымдылығы 20%-дан адамнан аспайтын, бірақ 100 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz» порталда тіркелуімен) және кітапханалар мен мұражайлардың жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, кинотеатрлардың жұмысы сыйымдылығы 20%-дан аспайтын, «InfoKazakhstan.kz» порталда тіркелуімен қалыпты режимде жүргізіледі.

Сонымен қатар діни объектілерде (мешіт, шіркеу, собор, синагогтар) ұжымдық құлшылық етуге тыйым салынған.

Брифингте белгілі болғандай, мобильді мониторингтік топтар қалада 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 сәуіріне дейін 379 рейдтік тексеру жүргізіп, 10 392 нысанға мониторинг жасаған. Яғни, Бас санитардың Қаулыларына орай санитариялық нормаларды орындау бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Ернар Мамыр

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444