БОЛМЫСЫҢ ЖОҒАРЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢ – ХАЛҚЫҢА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТ
БОЛМЫСЫҢ ЖОҒАРЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢ – ХАЛҚЫҢА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТ
Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының жетекшісі Ерұлан Тұңғышбаев облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің қызметкерлерімен арнайы кездесіп, адалдық құндылығы аясында ашық диалогтық алаң құрды.
Жиынның негізгі мақсаты — азаматтық қоғам қалыптастыруға белсенді жұртшылықты жұмылдыру және адалдық, әділдік, парасаттылық сияқты жалпыадамзаттық қасиеттерді кең көлемде насихаттау
Кездесу барысында Штаб жетекшісі Ерұлан Икрамұлы ақпараттық-ағартушылық штабының негізгі міндеті халық арасында және мемлекеттік органдарда, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу екенін атап өтті.
Адалдық пен парасаттылық принциптері сөз болған жиын соңында жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар тегеурінді сұрақтар қойылып, соған сәйкес нақты жауаптар берілді.