Түркістан: Шекарадағы жауапты мамандар тәулік бойы қалтықсыз қызмет етуде
Covid – 19 вирусының салдарынан жарияланған пандемияға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайдың ережелеріне сәйкес, Түркістан облысы аумағында 18 наурыздан бастап тәулік бойы жұмыс істейтін әрбір ауданның және басқа облыстармен әкімшілік шекараларында эпидемияның таралуына тосқауыл қоятын арнайы блок-посттар қойылды.
Осыған орай, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Алдаберген мен менеджерлері Түркістан қаласының кіріс-шығыс жолдарына қойылған арнайы блок-бекеттерге барып, сақтық шараларының сақталуына мониторингтік бақылау жұмыстарын жүргізді.
Мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде, полиция және медицина мамандарының тәулік бойы әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғылармен азаматтардың дене қызуларын өлшеу арқылы қатаң тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатқандығы анықталды.
Атап өтсек, облыс орталығы Түркістан қаласында жалпы саны 4 блок-пост (бекет) тәулігіне 24 сағат, 2 ауысыммен тұрақты түрде жұмыс істеуде.