Икрам Хашимжанов: ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІ — ЕЛІМІЗДІҢ БІРЛІГІ МЕН БІРТҰТАСТЫҒЫН САҚТАУДЫҢ КӨРІНІСІ
И.Хашимжанов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты:
— Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне еліміздің әр түкпірінен өз кәсібін адалынан дөңгелеткен азаматтар мен жасы бар, жасамысы бар, әрбірі өздерінше үн қосып жатыр. Маңыздысы, Елбасының бүгінгі күрделі ахуал кездегі халыққа жасаған үндеуі бірімізді де бей-жай қалдырмады. Әрбірімізді рухтандыратын ұтымды да, ұғымды шешім екеніне көз жеткіздік. Біз де өз тарапымыздан үндеудің әрбір сөйлемін барынша жүзеге асыруда атсалысамыз. «Елім, жерім» дейтін осы елдің әрбір азаматы осындай жауапкершілігі орасан сәтте өзінің қоғам, жалпы мемлекет алдындағы мендігін көрсетуі үшін қолдан келген еш жақсылығын аямай, «көп түкірсе — көл» қағидатын алға тарту арқылы аталған індетке қарсы тұрғанда ғана жеңіске жететінімізді жеткізгім келеді.
Сондай-ақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды