Жоба құны 17,5 млрд. теңгені құрайды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Asia Trafo» ЖШС-і қуаттылығы 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаруды қолға алады. Бұл туралы ОҚО баспасөз қызметі хабарлады. 2016 жылдан бастап салына бастаған нысанды іске қосу жұмыстары 2018 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған. Ал жоба құны 17,5 млрд. теңгені құрайды. Зауыт жылына  120 трансформатор шығаруға қауқарлы. Зауыт «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан. Құрылыс жобасының барысымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы танысып,  атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. «Алдағы жылы зауыт іске қосылса, 220 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Бұл өте жақсы дүние. Ең бастысы – қазіргі таңда кәсіпорында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беруге болады. Сондықтан жұмысты жоспарлы түрде жүргізіп, зауытты ертерек іске қосуға мән берген жөн»,- деп атап өтті Жансейи Түймебаев.  Айта кетейік, кәсіпорын кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жүзеге асырылуда. Ал жоба құны 17,5 млрд. теңгені құрайды. Зауыт жылына  120 трансформатор шығаруға қауқарлы. Зауыт өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерінің сұранасын  қанағаттандырады деп күтілуде.  «Өндірілетін өнім шетелдік кәсіпорындарға шынайы бәсекелестікке төтеп бере алады»,- дейді мамандар. Сонымен қатар «Asia Trafo» ЖШС өз өнімдерінің 50 пайызын ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Зауытта «High volt», «Knutch» (Германия), «Tuboly astronic», «Mika fluit» (Швейцария), «Hikon» (Хорватия) және басқа (Түркия, Қытай) фирмаларының жабдықтарын қолданатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444