Ассамблея жылы — Қазақ Елінің бірлігі жылы!
Бүгінде елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осынау ширек ғасыр ішінде мақтана айта алар жетістіктер жетерлік.
Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.
Дәл бүгінгі күндері Шымкент қаласында 17 этномәдени бірлестік (славян, өзбек, түрік, армян, әзірбайжан, грузин, грек, ұйғыр, неміс, корей, күрді, поляк, еврей, иран, татар-башқұрт, «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі) әрекет етеді.
Ресми статистикаға сәйкес, 1 млн. 37 мыңнан астам шымкенттіктердің 67,5 пайызын қазақтар, 17,7 пайызын өзбектер, 9,1 пайызын орыстар, 5,7 пайызын өзге этнос өкілдері құрайды