ШЫМКЕНТ: 2020 ЖЫЛЫ 3 САЯБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Олар: Әкімшілік-іскерлік орталығы, №1 автожол бойында және «Қасірет» мемориалының жанында. Ташкент, Түркістан және Бозарық бағыттарындағы қалаға кіре беріс жолдардың бойы абаттандырылады.
Одан бөлек, 4 аудан әкімдеріне тұрғындарды толғандыратын мәселелерді шешуге биылғы жылы біршама қаржылай мүмкіндіктер берілді.
Әр ауданға 1 млрд.теңгеден қаржы бөлініп, көпқабатты тұрғын үй аулаларында 143 ойын және 79 спорт алаңшалары жөнделеді. Шет аудандардағы 39 көше жарықтандырылады.
Бұл жөнінде Үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов есепті кездесу барысында мәлімдеді.