Шиферге деген сұраныс төмендеген жоқ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында бүгінде табысты жұмыс істеп жатқан өндіріс орындары жетерлік. Шифер шығаратын кәсіпорын — «Tectum Enjineering» ЖШС-і бүгінде алыс та жақын шетелдерге өнімдерін экспорттауда. .Шифер өндіретін алғашқы кәсіпорын Индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында жүзеге асырылған жобалардың бірі де бірегейі. Жобаның жалпы құны 1,9 млрд. теңгені құрайды. Зауыт «Хатчек» әдісімен өнім шығарады. Өнім жоғары сапалы. Қыста суықты, жазды ыстықты өткізбейді. Замануаи құрылыс материалдары қаптап кетсе де шиферге деген сұраныс төмендеген жоқ. Мұнда 200 адам екі қолға бір күрек тауып отыр. Ішкі нарықты толық қамтығаннан бөлек, Тәжікстан, Ауғанстан мен Өзбекстан елдеріне жөнелтілуде. Кәсіпорын жылына 2,3 млн. дана шифер шығарады. Өндрісітегі құрал-жабдықтың барлығы германиялық. Мұнда 8 толқынды, 12 толқынды шифер шығарады. Бұдан бөлек тапсырыс берушінің сұранысына сай етіп те жасап береді. Соңғы әлетте сәнге айналған жабынқыштар секілді түрлі түсті етіп те, қысқа қысқа шиферлар шығаруда. Сондай-ақ, гүлзарларды айналдыра құрсаулауға арналған әсем қоршаулар да жасалуда. Жасыл желекке оранған өңірімізде әсіресе осы өнімге сұраныс көп. Сапасы жоғары болуы үшін технолог жұмыс процесін қатаң қадағалап отырады. Еліміздің барлық өңірінде сауда нарығын ұлғайту үшін арнайы дилерлер жұмыс жасайды.
Балауса Айымбетова