ТҮРКІСТАНДЫҚ ІЗГІЛІК ЕЛШІЛЕРІ — ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУДА
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
Расында мұқтаждың қажетін өтеп, жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен жандарға көмек қолын созу қайырлы іс екені көпке белгілі.
Осы орайда, «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен өңірдегі Жоғары оқу орындары мен колледждердегі «Ізгілік елшілері» «Адам жанының нұры — қайрымдылықта» тақырыбында еріктілер жылының алғашқы қадамын қайырымдылық жасаумен бастады.
Шараның негізгі мақсаты — мұқтаж жандарға қамқорлық жасау және қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру.
«Жанашырлыққа — жан риза» дегендей қамқорлыққа мұқтаж жандарға жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу — әрбір адамның азаматтық парызы — деп облыстағы Ізгілік елшілері тұрмысы төмен отбасыларға, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға, отбасы балалар үйінің балаларына қуаныш сыйлады.
Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайтыны – қуантарлық жәйт деп санайды ізгілік елшілері.
Көңілге демеу ұялататын игі шараны қолға алған Ізгілік елшілеріне асыл аналар мен қам көңіл балалар шынайы алғыстарын білдірді.
Осылайша, қоғам болып қайырлы істерге көбірек көңіл бөлсек, қоғамға тиер пайдасы мол болатыны сөзсіз.
Айта кетсек, осындай игі шаралар аясындағы түрлі тартулар біздің өңірімізде алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.