«Жыр тамған жүрек» ностальгия кеші өтті
Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағыкітапаханада Қазақстанның халық жазушысы, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына — 80 жыл толуына арналған «Жыр тамған жүрек» ностальгия кеші өтті. Кешке қатысқан ақын-жазушылар ақиық ақынға деген сағынышты ой-толғамдарымен бөлісіп, арнау оқыды. Нармахан Бегалы көрнекті қаламгер Асқар Сүлейменовтың Фаризаны «Юбка киген Махамбет» деп атағанын айта отырып Махамбет мінезді ақын екендігін сөзге тиек етті. Жас буын өкілдері поэзиядан әдеби-композиция дайындап, өлеңіне жазылған әндерін шырқап, өнерлерін көрсетті.