«Отбасы кеңесі» пилоттық жобасы қолға алынды
Шымкент қаласы «Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі» басқармасы мен Абай аудандық соты бірлесіп «Отбасы кеңесі» атты пилоттық жобасын іске асыруда. Жұмыс тобының құрамында – құқық қорғау, денсаулық сақтау, білім саласының өкілдері, медиаторлар және өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар мен аналар кеңесінің өкілдері бар. Аптаның әр сейсенбісінде бас қосатын «Отбасы кеңесі» – ажырасуға арыз берген азаматтармен бетпе-бет сөйлесіп, отбасының бұзылуына әсер еткен факторларды талдап, өзекті мәселелермен жұмыс жасайды.
Ал «Отбасы кеңесі» жұмыс тобының құрылудағы басты мақсаты — отбасы мәселелерін оңтайлы шешу, ажырасу деңгейін төмендету, жанұя мүшелері мен кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау.