Қ.Тоқаев EXPO-дағы Ватиканның ұлттық күнінің ашылу салтанатына қатысты

Ватикан елі EXPO аясында өзінің ұлттық күнін атап өтті. Шараға қатысқан еліміздің Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен EXPO-дағы Ватикан павильонының секция комиссары, кардинал Питер Тарксонмен көрменің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Рим папасы Францисктің жолдаған құттықтау хаты да оқылды. Жалпы бұл ел EXPO көрмесіне сонау 1851-жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Бүгінде оларда қуаты 100 мегаваттық күн электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Айта кетейік, Ватикан – бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел.  Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламенті Сенатының төрағасы: – EXPO-2017 көрмесінде Ватикан ұлттық күнінің рәсіміне қатысып отырғанымен өте қуаныштымын. Әлемдік көрме алғаш ашылған күннен бастап,оның қатысушысы болып келе жатқан Қасиетті Тақ өкілдерінің EXPO-2017 көрмесіне қатысып отырған біз үшін үлкен мәртебе. Осындай ауқымдағы іс шараны ұйымдастыру бастамасын ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екендігін атап өткім келеді.  Питер Тарксон, Ватикан павильонының секция комиссары: – Ватикан әлемде болып жатқан өзгерістерден тыс қалмайды. Әрдайым дамуға бастайтын, жалпы өркендеуге ұмтылатын, адамзатты алға итермелейтін ізгі істердің бел ортасынан табылады. Осы халықаралық шараға шақырған Қазақстан тарабына алғысымды білдіремін. Биыл қазақ елімен дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Айта кетейін, біз осыдан соң 2020 жылы Дубайда өтетін EXPO көрмесіне дайындықты бастаймыз.
Қ.Тоқаев жасыл технологияларды қолданудағы Ватиканның жетістіктері көптеген елдерге лайықты үлгі екенін айтты. Ватикан павильоны энергетика мәселелерін материалдық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыда да іздестіруге шақыруды паш ететініне назар аударылды. Бұл жерде біздің ғаламшардың келешегі жолындағы адамның негізгі ролі мен жауапкершілігі туралы сөз болып отыр. Сенат төрағасы дипломатиялық қатынастар орнатқанына биыл 25 жыл толғанын атап өтетін Қазақстан мен Ватикан жан-жақты өзара іс-қимыл мен сенімді қарым-қатынас қалыптастырғанын еске салды. «Қазақстан Рим Папасы келген Орталық Азиядағы бірден-бір мемлекет болып отыр. Біз оны ел ішінде ғана емес, халықаралық қоғамдастықта да Қазақстанның бейбітшіл саясатының нәтижесін нақтылайтын ерекше оқиға ретінде бағалаймыз», – деді Қ.Тоқаев. Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін жан-жақты қолдағаны және оған белсенді қатысқаны үшін Рим-католик шіркеуіне ризашылық білдірді. Бұл форум көрнекті діни қайраткерлер мен саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қазіргі замандағы аса маңызды мәселелер бойынша пікір алмасатын әйгілі үнқатысу алаңына айналды. Келесі VI Съезді 2018 жылы 10-11 қазан күндері Астанада өткізу жоспарланды. Форумның басты тақырыбы «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» деп аталады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444