«100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы оқулықтардың мәселелері талқыланды
Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «100 жаңа оқулық» коворкинг орталығында семинар-кеңес өтті.
Жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласындағы тапсырмаларға сай «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген оқулықтардың Тарих және мәдениеттанулық бағыттағы еңбектерін оқып үйрену және ол еңбектердің ерекшеліктері мен оқулықтарды оқу үдерісіне енгізудің өзекті мәселелері ортаға салынды.
Семинар-кеңес жұмысына бағдарламаға сай жарияланған еңбектер арасында Росс Е.Данн мен Лора Дж.Митчеллдің «Панорама: ДЖ тарихы І-ІІ томдары» мен Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы» атты еңбектері және Ювал Hoah Xapapи «Sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы» атты еңбектері талқыланды.