Аналар кеңесінің 10 айда атқарған жұмыстары қорытындыланды
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі осы жылдың 10 айында атқарған жұмысын қорытындылып, алдағы жоспарын талқылады.
Қаладағы Оқушылар сарайында «Аналар – шаңырақ шуағы» тақырыбында өткен іс-шараға қаладағы барлық Аналар кеңестері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.
Жиында қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Балқия Көмекбаева баяндама жасап, жыл басынан бері кеңес мүшелерінің қатысуымен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелер, неке бұзу үдерістерінің санын азайту, жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, туыстық неке фактілерін болдырмау бағытында 134 іс-шара ұйымдастырылғанын айтты.