Шымкентте болашақ медицина мамандарымен кездесу өткізілді

Шымкент қаласында Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бітіруші курс студенттері — болашақ мамандармен, яғни болашақ жас мамандар үшін «Еңбек қорғау, еңбек қауіпсіздігін және техника қауіпсіздігін сақтау туралы», сондай-ақ «Кәсіподақ қозғалысы туралы» тақырыбында кездесу-семинары өтті.
Кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Әуесханов Серік Елемесұлы, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалы төрағасының орынбасары Оңалбеков Қобыланбек Түлкібекұлы, Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Булдырыкова Айнұр Қожахметқызы және колледждің бітіруші курсының 500-ге жуық студенттері қатысты.
Кездесу жиынын «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалы төрағасының орынбасары Оңалбеков Қобыланбек Түлкібекұлы жүргізіп отырды.
Кездесу барысында кәсіподақ белсенділері С.Әуесханов пен Қ.Оңалбеков «Еңбек қорғау, еңбек қауіпсіздігін және техника қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне мән беру, Түркістан облысында және Шымкент қаласында орын алған өндірістік жазатайым оқиғалар жөнінде, оның ішінде денсаулық сақтау саласында орын алған оқиғалар туралы нақты мысалдар, еңбек шартын және ұжымдық шарт жасасудың түпкі негізі жұмыскердің құқын қорғау және әлеуметтік жағдайын жасауға бағытталғаны, ол үшін кәсіподақ ұйымын құру мен кәсіподақ мүшесіне кіру қажеттілігі жөнінде өмірден алынған нақты мысалдармен кеңінен түсіндіріліп, насихаттау жұмыстары жүргізілді және болашақ маман иелерін қауіпсіз еңбек жағдайында жұмыс жасау үшін Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі сабақтарын жақсы оқуға шақырды.
Қатысушы студенттер мен жұмыскерлер берген сұрақтарына тұшымды жауаптар алып, кең көлемді ақпарат бергені үшін кәсіподақ белсенділеріне шынайы алғыстарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444