Жайсыз отбасы есебінде тұрған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 9-16 қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің ювеналды полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік және көші-қон қызметінің қызметкерлерімен кәмелетке толмағандардың қайыршылықпен айналысу фактілерінің жолын кесу және олардың құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен қаладағы мектептердің оқушыларына және жайсыз отбасы есебінде тұрған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
«Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасының шеңберінде Еңбекші АПБ-ның қызметкерлерімен ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз жүрген 21 жасөспірім анықталып, сонымен қатар 9-жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды; «Қаратау» АПБ-ның қызметкерлерімен 45 азамат анықталған, оның ішінде 31-і қабылдап-тарату орталығына жеткізіліп, 14-не әкімшілік хаттамалар толтырылды; Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша 10 хаттама толтырылды.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444