ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ТАУ ІСТЕР
Өздеріңізге белгілі, 2017 жылдың 31 қаңтарында Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауын жариялаған болатын. Бүгін ОҚО баспасөз орталығында Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Әбсаттарұлы Жолдауда айтылған басымдылықтардың Түлкібас ауданында іске асу жайымен журналистер қауымын таныстырды.
Ауданда Жолдаудағы айтылған басымдылықтардың орындалу барысы жөнінде айтар болсақ;
Ауданда 30 гектар аумақта индустриалдық аймақ құрылған, қазіргі таңда аталған аймаққа жалпы құны 9 млрд. 039 млн теңгелік 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының Индустриалды картасына 6 жылда 8 жоба енгізіліп, оның 4 іске асқан. Индустриалды картасы шеңберінде 2017-2019 жылдары жалпы құны 31 млрд. 311 млн. теңгені құрайтын 4 жоба қосылады деп күтілуде. Туризм саласын дамыту мақсатында Түлкібас ауданы, Керейт ауылында жалпы құны 1 млрд. 200 млн. теңгелік отбасылық демалыс кешені ашылды. Орталық бір мезетте 1000 адамды қабылдауға шақталған.
Сондай-ақ, Жабағылы ауылында жалпы құны 350,0 млн. теңгелік 70 адамға шақталған «Жайлау» емдеу сауықтыру орталығы мен халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жол бойынан жолаушыларға арналған сервистік қызмет көрсету орталығы ашылуы жоспарлануда. Жобаның жалпы құны – 346,0 млн. теңге.
«Нұрлы жер»тұрғын үй бағдарламасы аясында ауданда жыл басынан бері 64 және 32 пәтерлі 2 тұрғын үй ел игілігіне берілген. Қазіргі таңда 32 пәтерлі 2 тұрғын үй мен 64 пәтерлі 3 тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттары толық әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге ұсынылған.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша бүгінгі таңда жыл басынан бері жеке ісін ашу және кеңейту үшін 34 азаматқа 81,2 млн. теңге шағын несие берілген.
Ауданда жалпы өңірлік өнім 2017 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 18,7 млрд теңгені құрап, жан басына шаққанда 169,1 мың теңгеге өскен.
Ауданға тартылған инвестициялар көлемі 2017 жылдың 5 айының қорытындысымен 2 687,4 млн теңгені құраған, яғни ол былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,7 есеге өскен.
Түлкібас ауданында Жолдаудың төртінші бағытында көрсетілгендей адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аударылып отырғаны белгілі. Бұл қадам бойынша биылғы жылы ауданда І жарты жылдықта 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 685 отбасындағы 2 870 балаға 35054,7 мың теңге мөлшерінде тағайындалып, төленген.
Сонымен қатар, «Өрлеу» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында жалпы 125 107 мың теңге қаралған. Оның ішінде республикалық бюджеттен 83 412,0 мың, жергілікті бюджеттен 41 695,0 мың теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 357 отбасындағы 2122 адамға 106778,0 мың теңге қаржы тағайындалып, 68554,0 мың теңгесі төленген.
Сөз соңында аудан әкімі: «Алдағы уақытта «Туған жер» концепциясы аясында облыстық форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуді және аудан тарихы туралы үлкен жинақты кітап шығаруды көздеп отырмыз»,- деді.