Шымкентте 6,2 млрд.теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске қосылды
Бүгінгі таңда, Шымкент қаласындағы инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру мақсатында жобалық кеңсе құрылып, нәтижесінде қалада 2019-2024 жылдары құны 1,9 трлн.теңгені құрайтын, 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарымен, 166 инвестициялық жоба анықталып отыр. Оның ішінде 21 жобаның 650 млрд теңгесі шетел инвесторлар есебінен көзделген. Жобалық кеңсе шеңберінде әрбір жобаға жол картасы әзірленуде.
Жыл соңына дейін 48,1 млрд.теңгені құрайтын, жаңа 1 200 жұмыс орындарымен 18 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, құны 24,2 млрд.теңгені құрайтын шетел инвесторларының қатысуымен 4 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Бүгінге құны 6,2 млрд.теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске қосылды. Қалғаны жыл соңына дейін жүзеге асады деп күтілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі