ШЫМКЕНТ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның себептері мен жағдайларын жою Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік қызметінің басымдықтарының бірі болып айқындалған.

Басымдықтың тиімді құралы қылмыстық процессуалдық кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу.

Онда сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға ықпал ететін мән-жайлар және оларды жою бойынша орындалуы міндетті ұсынымдар нақты бейнеленеді.

Осы орайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен 2019 жылдың 7 айында аяқталған 87 қылмыстық істермен Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiнде ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес мемлекеттік мекемелерге 84 ұсыныс жолданған. Бұл жолданған ұсыныстардың 72-і, яғни жолданған ұсыныстардың 85,7% мекеме ұжымдарында қаралған.

Ұсыныстардың 16-ы әкімдік,  2-і сот,  56-ы ІІМ, 5-і мемлекеттік кірістер Комитеті, 2-і қорғаныс министрлігі, 2-і  ауыл шаруашылық министрлігі, 1-і жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау министрліктерінің аумақтық құрылымдарының қызметкерлеріне жолданған.

Қаралған ұсыныстардың 24-і Департамент басшылығының қатысуында және 16-ы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуларымен қаралған.

Ұсыныстарды қарау нәтижесімен бірқатар қызметшілер тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды. Атап айтқанда: ескерту – 2, сөгіс – 8, қызметін толық сәйкес еместігі туралы ескерту — 1, атқарып отырған лауазымынан босату — 4, атқарып отырған лауазымынан төмен лауазымға ауыстыру – 1, жұмыстан босату – 11.

Айта кетейік, қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттік орган қоғам тарапынан нақты және пәрменді қолдау арқылы ғана табысқа жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды, атап айтқанда, халықтың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады. Осы орайда, сыбайлас жемқорлықтың барлық жағдайлары бойынша азаматтар Агенттіктің Call-орталығына «1424» нөміріне 24/7 режимінде хабарласа алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444