МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл — күйінің аса маңызды компоненті болып саналатынын атап өтті.

Мемлекетік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерін жоғары деңгейде орындауда күш-қуат пен денсаулығының жақсы болуын басты назарға алған Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті жаңа облыс орталығына жұмыс бабымен қоныс аударған 2 мыңға жуық мемлекеттік қызметшінің жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруін қамтамасыз ету үшін емханадан арнайы кабинеттердің ашылуын қолға алды.

Шараның басты мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің ауруларын ерте сатыларда анықтау және аурулардың өршуінің, олардың пайда болуына әсер ететін қатер факторларының алдын алу.

Мемлекеттік қызметшілер профпатолог, терапевт, окулист, невропатолог, хирург, гинеколог мамандарының тексерінен өтеді және флюорография, ЭКГ, жалпы қан талдауы, биохимиялық қан талдауы секілді түрлі медициналық қызметтер алады.

Айта кетсек, жаңа облыс орталығына қоныс аударған 2 мыңға жуық мемлекеттік қызметшінің 57-і 3 күнде профилактикалық тексеруден өтті.

Бұл шараның аясында ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін облыстағы және аудан, қалалардағы барлық мемлекеттік қызметшілер толық медициналық тексеруден өтетін болады.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444