Бағдары бекем кәсіпкер
Өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен 20 мың Түркістан облысының азаматына мемлекеттен қандай көмек ала алатыныны туралы кеңес беріліп, қаржыландырылған.
Өткен жылы Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасымен 1281 жоба сүйемелденіп, 5,4 миллиард теңгеге қаржыландырылды. Солардың бірі, мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін дөңгелетіп, кәсіпорынын ұлғайтқан Рабат ауылының тұрғыны Қайрат Жолдыбаев.
Кәсіпкер 2017 жылы ақпан айында газдалған сусын шығаратын «Красный Лимонад» ЖШС ашқан болатын. Тірлігі тиянақты, бағдары бекем кәсіпкер өз қаражатына ашқан бұл өндірісті ұлғайту мақсатында несие алуды көздеді. Кәсіпкерлер Палатасына жүгініп, қаржылай емес қолдау бөлімінің менеджер кеңесшілерімен келіссөздер жүргізіп, 45 млн теңгені құрайтын бизнес жоспар әзірленді. Палата менеджер-кеңесшісі Бақытжан Игенбаевтың толықтай сүйемелдеуімен 44 миллион теңге несиеге қол жеткізді.
Алынған қаражатқа кәсіпорынын ұлғайтып, құрылғылар алып, жұмысшылар санын көбейткен кәсіпкердің ендігі мақсаты оңтүстік нарығын түгелімен бағасы арзан, сапасы жоғары сусынмен қамту. Кәсіпкердің айтуынша сусындары қазірдің өзінде көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан нарығынан сұраныстар түскен.
«Бұл істі бастаған соң сусындарға қызығушылар саны көбейді. Қазір бұл сусындар оңтүстік нарығының 20 пайызын қамтуда. Аладағы уақытта облысымыздың нарығын түгелімен қамту мақсатында кәсіпорынды ұлғайттық. Мемлекет тарапынан қаражаты аз, мақсаты биік кәсіпкерлерлерге қолдаудың бары қатты қуантады. Палата сарапшылары барынша көмегінің арқасында осындай нәтижеге жетіп отырмыз», – деп атап өтті Қайрат Жолдыбаев.
Қазіргі таңда кәсіпорын 20 дан аса ауыл тұрғындарына жұмыс беріп отыр. Кәсіпорында бұлақтын таза суын механикалық тазартудан өткізіп, адам ағзасына қажетті йод, магний элементтерімен байытады екен. Заманауи қондырғылармен жабдықталған бұл цехта тәулігіне 700-800 блок минералды және табиғи шырынды түрлі сусындар шығарылады.
atameken.kz