ТЕМІРЖОЛ ПАРОМДЫҚ КЕШЕНІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСТАДЫ

Құрық портында орналасқан теміржол паромдық кешені операциялық қызметін бастады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатында айтты.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек: — Паромдық терминал биылғы наурыз айынан операциялық қызметін бастады. Бүгінгі күнге 120 цистернаға жуық (10 мың тонна) мұнай өнімдері тиеп-түсірілді. Жылдың соңына дейін осы терминал арқылы 500 мың тоннадан астам жүкті тиеп-түсіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар биылғы жылы автокөлікке арналған паромдық кешені құрылысының екінші кезеңі басталды. Аталған мақсаттарға сәйкес 2017 жылғы бюджеттен 50 млрд. теңге қарастырылған. Жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда болашақ жүк ағынын толықтай тиеп-түсіруге және Ақтау портының паромдық терминалын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жалпы, 2020 жылға дейін теңіз порттарының қуаттылығын 26 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

 

Бүгінде жүктерді теңіз арқылы тасымалдау нарығының жаңа серпіні байқалады. Аталмыш сала бойынша сауда флотында 11 кеме бар, оның ішінде 8 танкер және 3 құрғақ жүк кемесі бар. Төртінші құрғақ жүк кемесін осы жылдың ортасына қарай әкелу жоспарлануда. Отандық танкерлер Түрікменбашы – Баку, Махачкала – Баку бағыттарында жүк тасымалдауды бастады. Былтыр бұл бағытта тасымалданған жүк көлемі 1 млн. 160 мың тоннаны құраған болатын, биыл тасымалданатын жүк көлемін 2 есе арттыру жоспарлаған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444