Өндіріс қуаттылығын арттырмақ

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ет Агро-Манкент» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 2014 жылдан бастап жұмысын бастаған болатын. Әу баста Мемлекеттік бағдарлама бойынша пилоттық жоба негізінде құрылды. «Ырыс» микроқаржы ұйымымен  алғашқы қаржыландыру 9 млн. теңгемен жұмысын бастады. Жұмысын енді бастаған шақта құрамында 4 мүше болған. Бүгінде өндіріс ауқымын кеңейтіп келеді. Кооперативке мүше болғандар және пилоттық жобамен мини кредит алған шағын субъектілер мен тағыда басқа аудан тұрғындарын бордақыдағы қара малдарын дайындау, сою және өткізуді жүзеге асыруда. Мемлекеттік ірілендіру бағдарламасы бойынша АШӨК ауыл шаруашылық өндірістік коперативі болып қайта тіркеуден өтті. Өндіріс қуатын арттыру үшін РИЦ «Оңтүстік» ЖШС –імен 35 миллион теңгеге қайта қаржыландырылды. Өндіріс түрі: мал бордақылау, дайындау, мал сою, өткізу және сату, кооператив мүшелерін және тағыда басқа диқан-фермер қожалықтарын, жеке тұлғалардың қара малдарын сою, дайындау қызметтерін жүзеге асыру. 2014 жыл 3200 бас қара мал сойылып 704,0 тонна ет өнімдері өндірілсе, 2015 жыл 6000 бас қара мал сойылып 1320,0 тонна ет өндірілді. Ал  2016 жыл 7200 бас қара мал сойылып 1584,0 тонна ет өндірілді. 2017 жыл 9400 бас 2070,0 тонна ет, оның ішінде: 1412 бас 311 тонна ет кооператив өзі өндірді 2018 жыл осы күнге дейін 4950 бас 1089,0 тонна ет, оның ішінде: 1547 бас 340,3 кг ет коопертив өзі өндірді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде 23 жұмысшы жұмыс істейді, орташа жалақылары 70 000 – 80 000 теңгені құрайды. Алдағы уақытта аталмыш шаруашылық тағы да өндіріс қуаттылығын арттырмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444