Отырар – туризм орталығына айналмақ

«Бюджет қоржынын туризм кластерін дамыту арқылы толтыру қажет». Бұл — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы. Соңғы жылдары осы бағытта көптеген шаруалар қолға алынып келеді. Президент пәрмен берген межелі міндет аясында Арыстанбаб және Отырар төбенің айналасын абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.

Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи өлкені шетелдіктерге кеңінен таныстыру мақсатында Түркістан облысындағы Отырар ауданына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы келді. Министр сапарының негізгі мақсаты — Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Отырар қала жұртының сапар-орталығына» «аманат хат» капсуласын салу еді.

Таяуда Отырар ауданында Арыстанбаб пен Отырартөбені жалғайтын нысандар салынбақ. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов мәртебелі қонаққа сол жобаларды егжей-тегжейлі таныстырды. Бұл аумақта одан бөлек  әртүрлі нысандар бой көтермек. Этно-орталықта жоғары дәрежелі, 60 орындық қонақ үй және сквер салынатын болады. Нысандардың құрылысына қажетті қаржы бюджеттен бөлек, жеке инвесторлар да тартылмақ. Осы нысандар пайдалануға берілгенде, туристердің киелі орынды кеңінен тануына мүмкіндігі артпақ.

Мұнан соң министр, Отырартөбедегі қазба жұмыстарымен танысты. Онда қайта жаңғырған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейін аралап шықты. Арыстанбек Мұхамедиұлы «Ұлы Дала Еліне саяхат» экспедициясы аясында атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Р.Бахытжанқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444