Мақталықта жұмыс қызу

Жетісай ауданындағы 20 ауыл округінде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес әр округте екі адамнан құрылған агрономдар мақта зиянкестерін анықтаумен айналысуда. Бүгінге дейін 86 820 гектар мақталық толық қатар аралық баптаудан өтті. Биологиялық өңдеуден 5-10 мың гектар арасында ғана өтті. Сондықтан биолаборатория қызметкерлері өздері диқандармен бірге жүріп, биоәдістің тиімді екеніне және өндірген өнімдеріңіздің сапалы екендігіне көздерін жеткізулері керек екендігін айтты.  Қарақай ауыл округіндегі және Ынтымақ, Қазыбек би ауыл округінде орналасқан биолаборатория өкілдері қазіргі уақытта диқандармен бірлесе биологиялық әдіспен өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтты. Семинар-кеңесте шаруалар мақта зиянкестеріне қарсы тұруға бағытталған тәжірибелерімен, өздерінің ойлап тапқан ғылыми-техникалық шараларымен бөлісті. «Нұрлы жол» шаруа қожалығының төрағасы Е.Ералиев былтыр мақта зиянкестеріне қарсы күресте «Караген» атты химиялық препараттың өте пайдалы болғандығынын айтып, оны пайдаланудың жолдарын түсіндірді. Бұл химиялық препарат биологиялық өңдеуден өткен жерлерде құртқа қарсы биолабораториядан жіберген көбелектерге еш зиянын тигізбейтініне тоқталды. Сонымен қатар «КазАгроВетснаб» ЖШС-нің Мақтаарал ауданындағы өкілі Д.Дүйсенбеков мақта дақылының зиянкестеріне қарсы қолданылатын басқа да химиялық препараттар туралы баяндады.
Сөз алған аудандық-аумақтық инспекция басшысы Т.Елшібаев бүгінгі семинардың дер кезінде өткізіліп отырғандығын айта келе, диқандарды биолабораториямен жүйелі жұмыс істеуге шақыра отырып, карантиндік зиянкестермен, арамшөптермен күресу жұмыстары туралы баяндады.

А.Тастанбеков

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444