Ет экспортын арттыру міндеті жоғары деңгейде орындалуда

Елімізде ауыл шаруашылығымен, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау жоғары денгейде. Осы орайда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, несиелеу және субсидиялау мәселелерін халыққа түсіндіріп шаруаларды ата кәсіпке баулу қажет. Экологиялық тұрғыдан таза өнім саналатын біздің өнімдерімізге өзге елдердің сұранысы өте жоғары. Қазғұрт ауданындағы «Қайыпата» cеріктестігі негізінен мал бордақылаумен айналысады. Бүгінгі таңда мұнда 3 мың бас ірі қара бордақыланып жатыр. Мал бордақылау алаңындағы ақбас сиырлар орта есеппен 300-350 келіге дейін ет береді. Етті малға тән белгілері де айқын – тез жетіледі, кеудесі кең, етті, аяқтары қысқа, берік келеді. Ұрғашы тайынша күніне 700-800 грамм, 15-18 айлық бұқалаштар тәулігіне 900 граммға дейін салмақ қосады. Әрине, ол үшін малға дұрыс күтім қажет. Солтүстіктен жеткізілген ірі қараның бабы болғандықтан, күнгейдің климатына тез жерсінген. Иран халқы жылына 2 млн 400 тонна ет тұтынады. Осы қажеттіліктің бір бөлігін қамту мақсатында екі тарап күніне 3000 ұсақ мал еті мен 100 ірі қара етін алу үшін келісімшарт жасасқан болатын. Бұл, өз кезегінде, ел экономикасына оң ықпалын тигізіп, Елбасының ет экспортын арттыру міндетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар алдағы уақытта өңірімізде ірі қара мал қауымдастығын құру көзделіп отыр. Өйткені облысымызда соңғы екі жылда ірі қара мал саны 35 мың басқа артып, 865 мың басты, қой-ешкі 155 мыңға артып, 3 млн 893 мыңға, жылқы 16 мыңға артып, 230 мыңға, түйе 1,7 мың артып 23 мыңға жетіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444