Бастамалардың бағы жанды

«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы Түркістан облысындағы  ауыл шаруашылық саласына тың серпін беріп отыр. Ағымдағы жылдың 6 айында өзінің еншілес ұйымы — «Ырыс» микроқаржы ұйымымен бірлесіп, жалпы сомасы 3 млрд. 920 млн. теңгені құрайтын 1068 жобаны қаржыландырған. Осының арқасында 1 119 жаңа жұмыс орны ашылды. Қаржыландырылған жобалардың 31% -ы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Жалпы алғанда, 1,2 млрд. теңгені құрайтын 220 жоба қолдау тапты, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізіп, егін шаруашылығын дамыту үшін 2,2 млрд. теңге бөлінді. Жылыжайға қатысты 12 жобадан бөлек, 794 бастаманың «бағы» жанды. Жалпы сомасы 224,5 млн. теңге болатын ауыл шаруашылығы техникалары лизингке берілді. Қаржы ұйымымен бірлесіп, бизнес аясын кеңейткен ұжымның бірі -«Нұр-көл» ЖШС-і. 4 мың гектар егіс алқабы бар қожалық жеңілдетілген пайызбен 80 млн. теңге алған. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан арзан бағада жанар-жағармай мен тыңайтқыштарға қол жеткізген. 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған серіктестікке «Оңтүстік» АИО тың серпін берді. Ашылған сәтінен бастап, компанияның портфелінде жалпы сомасы 22,2 млрд. теңгені құрайтын 5 486 жоба бар. Жалпы, бүгінге дейін 56,2 млрд. теңгеге 18 мыңға жуық кәсіпкерді қаржылай қолдады. Соның есебінен  компания 42 600 жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті.

К. Дүйсенбі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444